4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Экономика

Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 495 теңгеге жетті. Осылайша үш күннің ішінде АҚШ көкқағазы 30 теңгеге жуық қымбаттап отыр. Бүгін таңертең Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты тоқтатқан болатын. Түстен кейін сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында өтті. Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская сауда-саттықта ешқандай дүрлігу байқалмағанын айтты. Ал Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов валюта бағамы тұрақтайды деп болжам жасады. Бірақ қашан екені белгісіз.

Тимур Жақсылықов – Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:
“Ұлттық банк қажетті шараны қабылдады, оны көріп отырсыздар. Бүгін таңертең ақпарат таратылып, сауда-саттық қалай жүргізілетіні жарияланды. Менің ойымша, бастапқы кезеңде қандай да бір спекулятивті реакция болса да, кейіннен бағам тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады”.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *