4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

«Жыл үздіктері» марапатталды

Спорттағы үздіктер анықталды. Түркістанда Республикалық және халықаралық деңгейде түрлі сайыстарда топ жарып, жүлде иеленген спортшылар марапатталды.

Одан бөлек, олардың бапкерлерінің де еңбегі еленді. Сонымен қатар, алғыс хаттарымен, олимпиадалық резервтегі спортшыларды дайындайтын мектептер және аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері марапатталды. Бастысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері және Әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов өңірдің үздік спортшысы атанды. Ал, оның жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов үздік бапкер атанды.

Сәкен Бибосынов, бокстан Әлем чемпионы:

«Бүгін үлкен іс-шара өтіп жатыр. Түркістан облысының спорт басқармасы Қанат Жолдаров ағамыздан «Жылдың үздік спортшысы» номинациясы бойынша марапатталып жатырмыз. Бұл номинация, бұл марапат болашақтағы жарыстарда бізге үлкен мотивация болады деген ойдамыз. Алдағы жарыстарда елімізді қуанту үшін аянбай еңбек етіп, әнұранымызды шырқатып, көк байрағымызды желбірету үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *