4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

Баспана тартып алғыштарға «қой» дейтін қожа табылды

Соңғы мүлкі банкте кепілде тұрған азаматтар қарызы кейінге шегерілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты басқа емес, Парламент Сенаты депутаттарының өзі көтерді.  Себебі соның кесірінен қаншама азаматтар баспанасыз далада қалған. Бұған дейін де бірнеше мәрте көтеріліп, алайда аяқсыз қалған мәселені қайта қозғауға Алматыдағы 5 адам қаза болған атыс түрткі болды.

Халық қалаулысы Ләззат Сүлейменнің айтуынша, 2016 жылдан бері аукцион арқылы 1406 мүлік сатылып, 195 борышкер үйінен шығарылған. Тұрып жатқан үйінен айрылған жұртшылықтың проблемасын зерделей келе Бас прокуратура мүліктің 78 пайызын банктердің сатып алатынын анықтаған. Себебі басқа бәсекелес болмаған және олар мүліктің бағасы өз құнынан 30 пайыз арзан бағаланған.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысымыз бар. Біріншіден, борышкердің қаржылық жағдайы жақсарғанша кредит мерзімін шегеру қажет. Екіншіден, мүлікті бағалау кезінде инфляция ескерілуі тиіс. Үшінші – жалғыз баспаналы азаматтар құқығының қорғалуы міндетті. Төртіншіден, оларға ең құрығанда жалдамалы баспана беру жағын қарастырған жөн».

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *