4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

Қара жол да ақы сұрайды енді…

Қарашаның 1-інен бастап елімізде республикалық маңызы бар 7 бірдей жол ақылы жүйеге өтуі тиіс болатын. Алайда жауапты мамандар тиісті құжаттарды дайындап үлгермесе керек. Сондықтан жаңа ереже 15 қарашаға дейін шегерілді. Түркістан облысына жалпы жолдардың ахуалы қалай? Тілші тарқатады.

Десе де, ақы қабылдау жүйесі дайын бірақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар оған сай болмай тұр. Мысалы, облыс аумағындағы жолдары қыстыгүні күреп тазалайтын техника жетпейді. Керекті 125 техниканың облыста 57- сі ғана істеп тұр. «Мұндай жолды қалай ақылы етуге болады?», – дейді мамандар.

Ғалымжан Есімов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

«Біздің тарапымыздан ІІМ-ге сұраныс білдірдік. Олар сіздердің басшылыққа тапсырма берсе. Облыс аумағындағы Республикалық маңызы бар жолдарға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуін қарастырса»

Республикалық маңызы бар 321 мың шақырым жол Түркістан облысын кесіп өтеді. Олар: Шымкент – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз бағыттары. Бүгінде осы аралықтарға 11 бақылау аркасы орнатылған.

Нұржан Беков, облыстық «Қазавтожол» ҰҚ АҚ филиалы директорының орынбасары:

«Ақылы жүйені орнату үшін бізде барлық жұмыс аяқталды. Бұл аркалар толық камерамен жабдықталған. Төлем факт бойынша алынады. Қызылордадан шыққан көлік Шымкентке жетпей бұрылып кетсе, сол аралығына ғана 20 теңге төлейді. Ондайда түгел қашықтықтың ақысын алмаймыз».

Аталған жолдардың да кем-кетігі түзетіліп, ақылы жүйеге өтуге сақадай-сай, – дейді мамандар. Бүгінге дейін сынақ режимінде жұмыс істеп тұрған жолдар қараша айының соңында іске қосылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *