230 мыңнан астам адам ұшқан   

Түркістан халықаралық әуежайы іске қосылғалы бері (2020 жылдың 1 желтоқсаны) әуежай арқылы 230 547 жолаушы тасымалданған. Оның ішінде халықаралық бағыттарда – 41 667 жолаушы, ішкі бағыттарда – 188 880 жолаушы. Мұның өзі Түркістан қаласының туризм әлеуетінің көтерілгенін көрсетеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайынан 3 халықаралық (Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент) және 13 республикаішілік әуе рейстері қатынауда.

Атап айтқанда:

         1) «Түркістан – Ыстамбул» – аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

         2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

         3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

         4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

         5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,

  жексенбі);

         6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

         7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

         8) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

         9) «Түркістан – Көкшетау» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

         10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

         11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

         12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

         13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

         14) «Түркістан – Талдықорған» – аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);

        15) «Түркістан-Петропавл» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

        16) «Түркістан-Өскемен» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *