4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Балуанға құрмет көрсетті

    Төлеби ауданының орталығында жуырда ғана Португалия астанасы Лиссабон қаласында дзюдо күресінен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Мәди Нәбиевпен кездесу өтті. Стадионға аудан тұрғындары, жанкүйерлер жиналып, ауданынның абыройын асқақтатқан спортшыға құрмет көрсетті.

Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, балуанды жеңісімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Нұрлан Хамзаұлы, аудандық мәслихат хатшысы:

«Мәди 2017 жылы самбодан әлем чемпионы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақша күрестен, самбодан және дзюдодан бірнеше дүркін республика, облыс чемпионы. Қазақша күрестен 3 дүркін Төлеби ауданының түйе палуаны.  Байрақты бәсекелерде аудан абыройын асқақтатқан спортшымыздың жеңісі жерлестерімізге қуаныш сыйлайды. Алдағы уақытта да спорт саласында жетістікке жетіп, еліміздің мерейін үстем етеді деп сенім артамыз».

Шара соңында Мәди Нәбиевке аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының атынан ат мінгізіп, шапан жабылды. Балуан өзіне жанкүйер боп, қолдау білдірген аудан халқына  алғыс білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *