Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қыс ауасы тұрғындарды бүрсең қақтырып отырған кім?

26 октября, 2021
in Әлеумет
0
0
SHARES
32
VIEWS

балалардың алды төсек тартып жатып қалған

«Жылуға жарымай отырмыз». Түркістандағы «Отырар» ықшамауданы тұрғындары арнамызға осылай хабарласты. Мамандар жылуды қосуға уәде беріп, бірақ істі аяқсыз қалдырған. Бүгінде мұздай пәтерде бүрсең қағып отырған жұрттың жанайқайын Шынар Әділханқызы тыңдап қайтты.

  Бастапқыда баспаналы болғанына қатты қуанғандардың қатарында Кәмшат Маруанова да бар. Алайда қазір ол қуаныштың табы да қалмаған, себебі берген үйлерінде бір күні жарық, бір күні су жоқ. Қыл аяғы міне, қақаған суықта жылуға да жарымай отыр. Соның кесірінен балалар ауырып, тіпті алды төсек тартып жатып та қалған.

Кәмшат Маруанова, тұрғын:

«Бәрі бір-біріне сілтейді. Құр босқа бәріміз әбіржігеніміз болмаса, ол жаққа барғаннан еш пайда болмады. Тұрғындардың бірінің мүгедек баласы, енді бірінің жаңа туған жас сәбиі бар. Мынадай суық үйде бір сағат тұру мүмкін емес. Әйтеуір біз ересектер қалың киінсек те, бір амалын табамыз, балалар біз секілді оранып та жата алмайды ғой. Шырқырап жылайды. Оларға «шыда-шыда, әне қосады, міне қосады» деп жұбатып қоямыз. Күнде азанда сондай бір үмітпен оянамыз».

Пәтер иелері кооперативі маманы мәселе жертөледегі кішкентай моторда деп түсіндірді жағдайды. Яғни, бүтін бір үйге жылу айдауға шағын құрылғының шамасы жетпей жатса керек. Ал тиісті мердігер мекеме басқаша уәж айтуда.

Гүлзада Әбішова, тұрғын:

«Мотордың тым кішкентайын қойып кеткенсіздер. Оның күші жетпей тұр үйді жылытуға. Енді бүгін келіп, көресіздер ме? Әлде біз осылай жаурап-жасынап отыра береміз бе?»

Мердігер мекеме:

«Айта береді мотор кішкентай деп. Жазуының барлығы стандартқа сай. Жылуды болмашы ғана беріп жатыр өздері. Баратын нақты күнді айта алмаймын. Бүгін-ертең деп отырмыз».

Сәрсенбай Дүйсенов, пәтер иелері кооперативінің өкілі:

«Қазір қалай шешіледі, солай келеді. Бүгіннен қалмаймыз. Ауыстырамыз, әкімшілік сонымен айналысып жатыр».

Осылайша, мамандар жауабын «бүгін-ертең шешеміз», – деп қысқа қайырды. Ал тұрғындар нәтиже болмаса, «базынамызды әкімдікке барып айтамыз» деп оқталып отыр.

Tags: жылуПәтер иелері кооперативіықшамаудан
Алдыңғы жаңалық

Қаңғыбас иттер қаласына айналуымыз бек мүмкін...  

Келесі жаңалық

Өгіз аяң интернетке қайтсек жан бітіреміз?

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Өгіз аяң интернетке қайтсек жан бітіреміз?

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz