4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Тілін тапсаң, шоколад та «сөйлейді»

Өміріңізде сөйлейтін шоколад көріп пе едіңіз? Иә, иә, Отырар ауданының тұрғыны инновациялық шешімдер арқылы тәтті өнімдеріне тіл бітірді. Данияр Ақылов есімді өнертапқыш бүгінде бұл кәсіпті нәсіпке айналдырып отыр. Тілшіміз тәттілермен «тілдесіп» қайтты.

Тәттіні жақсы көрмейтін адам жоқ. Оның үстіне ол сөйлеп, сарнап тұрса, сұраныс аз болмайтынын Данияр Ақылов бірден білді. Осылайша өнертапқыш тәттіге тіл бітірудің көзін тапты.

 Данияр Ақылов, өнертапқыш:

«Ғаламтордан көрдім. Америка, Еуропа елдерінде бар екен. Содан Қазақстанда неге қолға алмасқа деп ойладым».

Тәттілердің ерекшелігі – шоколад қаптамасына кез келген фото немесе видео қойылады да, оларға белгілі бір QR код жазылады, ал сол сурет немесе видеоға телефон камерасын апарған кезде бейнеқұттықтау немесе әуезді әуен ойнай жөнеледі.

Тапсырыс берген адам «сөйлейтін» қаптаманың ішіндегі шоколадты өзі таңдайды. Бағасы да соған байланысты. Ерекше өнім жайлы тұтынушылар «жақын адамдарымызды құттықтайтын керемет сыйлыққа айналып отыр» дейді.

Данияр Оспанов Түркістан қаласының тұрғыны:

«Данияр мырзаның шоколадына жиі тапсырыс беріп тұрамыз, кеше ғана туған күнге деп алған болатынбыз. Жаңа технология десек болады. Той-жиындарға, қуаныштарымызға алып жатырмыз».

Даниярдың жеке кәсібі мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, қайтарымсыз грант ұтып алған. Шағын және орта кәсіпті мемлекет қолдап отырған заманда кез-келген істі дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік бар дейді ол.  Өнертапқыш жақында кәсібін инновациялық жобаға айналдыруды көздеп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *