Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Зағип жандар әлі Ленин жырын жаттап жүр

22 октября, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
40
VIEWS

Өйткені Тәуелсіздікке 30 жыл толса да, елімізде заманауи туындыларды брайль қарпінде шығаратын бірде бір баспахана жоқ. Қолда бар оқулықтардың да мұқабасы мүжіліп, бедері бүлініп, әбден тозығы жеткен. Көзі көрмейтін алайда көкірегі ояу жандардың базынасын тілшіміз жеткізді. 

Ержан Ибрагимовтың  21 ғасырда Ленинді мадақтаған өлеңді оқып  отырғандығын көріп түсінбестік туындауы мүмкін. Алайда зағиптарға арналған кітапханадағы қазақ тілді санаулы туындының бірі – осы. Заманауи туындылармен танысқысы-ақ келеді азаматтың. Әттең тонның келтесі… Тұтас Қазақстанда әлі күнге көзі көрмейтін жандарға арналған кітап шығаратын бірде-бір баспахана жоқ.

Ержан Ибрагимов, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері:

«Орысша кітаптар көп бізде, қазақ тілде аз. Себебі СССР кезінде орталықтандырылған типография бар еді. Үлкен типография. 3 қабатты. Алматыда. Оның ішінде қазақша кітаптарды басып шығаратын. 90 жылдары ол типография сатылып кетті да типография жоқ бізде».

Ержан Ибрагимов сынды зағиптар Қазақстанда 100 мыңдап саналады. Оның мамандандырылған кітапханаларға тіркелгені – 33 мың. Ал бұдан бөлек тағы 8 мыңнан астам оқушының көру қабілеті нашар екен. Олар мамандандырылған баспахананың жоқтығынан кеңестік үкімет тұсында жарық көрген орыс тілінде жазылған кітаптарды оқуға мәжбүр.  Мәжілісмендер алдағы 3 жылдық бюджетті бекітерде баспахана салу ісінің тағы жоспарға енгізілмегенін айтып қынжылды.

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 «Әр жолы сіздер зағиптардың мемлекеттік және заманауи тілдердегі әдебиеттерге толыққанды қол жеткізу үшін дербес мамандандырылған баспахана ашу қажеттігін айтқан болатынсыздар. Алайда барлық кезде де шешім қабылдау кейінге ысырылып келеді».

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында инклюзивті қоғамды дамыту қажеттігін айтты. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық жағдайы жасалуы тиіс. Президент бұл тақырыпты алғаш қозғап отқан жоқ. Әйтсе де біткен істен бітпегені басымдау секілді.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

 «Бедерлі нүктелі шрифтті баспахананы ашу бойынша қазіргі таңда шет мемлекеттердің тәжірибесі зерттелді. Оған арнайы осы саланың мамандары 22-24 жылдардағы бюджетті нақтылау кезінде ұсыныс береміз». 

Министрлік өкілі болашақта салынатын баспахана барлық оқырманның сұранысын қамтиды деп сендірді. Әйткенмен сөзін салмақтасақ ол күнге дейін әлі бірнеше жыл қажет секілді.

Tags: Брайль әрпізағипОқулық
Алдыңғы жаңалық

Шағын футболдан турнир өтті

Келесі жаңалық

Президент TikTok-ты тиімді қолдануға шақырды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

12 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

7 ноября, 2025
КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

3 ноября, 2025
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

7 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Президент TikTok-ты тиімді қолдануға шақырды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz