4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Спорт

Шағын футболдан турнир өтті

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы бойынша аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. Ұйымдастырушылар  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы». 

Турнирге орталық қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Ақтық ойынды арнайы келіп тамашалаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады. Доп додасында l-орынды Сарыағаш ауданына, II-орын Бәйдібек ауданына, III-орын Мақтаарал ауданына бұйырды. Сондай-ақ, Лесбек Әділбек (Сарыағаш ауданы) – үздік қақпашы, Төлебай Нұртас (Бәйдібек ауданы) – үздік қорғаушы, Кенжетаев Дүйсенғали (Мақтаарал ауданы) – үздік шабуылшы номинацияларына ие болды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *