Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Жұмыртқа бағасы ұшқалы тұр

22 октября, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
24
VIEWS

«70 теңгеге барады екен», – деп шулап жүр жұрт

Себебі  үкімет келер жылдан бастап оның  бағасын еркін айналымға жібермек. Яғни, бұған  дейін мемлекеттен жұмыртқа өндірісіне беріліп келген субсидия тоқтайды. Соның кесірінен он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге  жетуі мүмкін –  дейді сарапшылар.

Қазір базарда бір жұмыртқа 45-теңге тұрады. Бұған дейін 35 теңгеден сатылып келген. Мемлекеттік қолдаудан қағылған кәсіпкерлер енді жұмыртқа бағасын екі есе көтеруге мәжбүр. Өйтпеске амал жоқ. Себебі, биыл жем-шөп пен жанармай қымбаттаған.  Енді субсиядиясыз жұмыртқа 70 теңгеге бір-ақ жетуі мүмкін,- деген халық арасында гу-гу әңгіме тарауда.

Бахринса Әбубакирова, қала тұрғыны

«Қымбат қой қазір. Бірақ қыбат болса да аламыз, амал жоқ. Жеу керек. Қымбат деп алмай тағы қоя алмаймыз».

Әлия Байқонова, тұрғын:

«Бір лотогын 1200 теңге алып жүргенмін. Енді 1500 теңге боп кетіпті»

Базаркүл Төлешова 30 жылдан бері базарда сауда істейді.  Оның айтуынша, екінші және үшінші сұрыптағы жұмыртқалар арзан болғандықтан, тезірек өтіп кетеді. Бірақ соңғы екі күнде тіпті солардың өзі күрт  қымбаттаған.

Базаркүл Төлешова, сатушы:

«Жаз шыға ма бағаны түсіріп жібереді. Ал қыста көтеріледі. Фабрикаға барғанмен, ондай арзан бағаға ала алмаймыз. 10 қораптыың өзі 100 мыңнан асып кетеді. Әр жұмыртқаның үстіне әрі кетсе 3 тг қойып сатамыз».

Елдегі кейбір  құс фабрикалары жабылудың сәл-ақ алдында тұр.  Өйткені жұмысшыларды ұстап қалу мүмкін емес. Бұл жұмыртқа бағасының бұдан әрі шарықтауына әжептеуір әсер етеді. Тіпті, кейбір фабрикалар банкротқа ұшырауы да ғажап емес дейді сарапшылар.

Мақсат Халық, сарапшы

«Азаматтардың төлем қабілетіне кері әсер етеді. Азық-түліктің бағасы өткен жылмен салыстырғанда, 11,5%-ға өсіп отыр. Тағы өсетін болса, ол халықтың қалтасына үлкен соққы болайын деп тұр».

Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар «субсидия өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмай отырған тауарларға төлену керек», – дейді. Ал азық-түлік тек біздің елде ғана емес, бүкіл  әлем нарығында қымбаттап отыр. Дүниежүзінде барлық тауар бағасы екі еседей өскен.  Десе де, халықтың әл-ауқатына алаңдаған Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының қымбаттауы мен және ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесін жүйелі түрде шешу қажет  екенін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

«Аталған ауылшаруашылық саласына қыруар қаржы бөлсек те, азық-түліктің басым бөлігін сырттан аламыз. Өзге елдер субсидияның не екенін де білмейді. Білсе де, дәл осындай мол қаржы бөлінбейді. Бір жағынан адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық».

Сондай-ақ, Президент Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министріне бұл мәселемен түбегейлі айналысу керектігін айтып, міндет жүктеді.

Tags: бағажұмыртқанарықсубсидия
Алдыңғы жаңалық

Түркістанға «Фариза» келді

Келесі жаңалық

Шағын футболдан турнир өтті

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА БИЫЛ 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА БИЫЛ 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

23 апреля, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

23 апреля, 2025
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр
Басты жаңалықтар

Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр

23 апреля, 2025
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды
Экономика

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

15 февраля, 2024

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Шағын футболдан турнир өтті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz