4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

5 мың шақырымға жуық жол жаңарған

Түркістан облысы құрылғалы бері 2018-2021 жж. аралығында 4 926,8 шақырым жол мен көше немесе 2 455 нысан (20 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстарынан өтіп, пайдалануға берілген. Жалпы, өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы – 17 682 шақырым.

2018-2020 жж. аралығында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 64,4%-дан 79%-ға дейін артып, ағымдағы жылы нысаналы индикатор көрсеткішін 87%-ға дейін жеткізу көзделуде. Жаңадан салынған жолдардың сапасын Ұлттық сапа орталығы тексереді.

Айта кету керек, оңтүстік өңірде бертінге дейін асфальт шығаратын зауыт атымен болмаған. Тек 2019 жылы Жетісай, Мақтаарал, Келес секілді үш ауданда бірден қуаттылығы сағатына 280 тонна асфальт шығаратын зауыт құрылған. Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында 45 асфальт зауыты (қуаттылығы 6020 т/сағ) жұмыс істейді. Соның ішінде қуаттылығы сағатына 520 тонна асфальт шығаратын 5 зауыт «Түркістан индустриалды аймағына» кірсе, қала аумағында қуаттылығы сағатына 890 тонна асфальт өндіретін тағы 4 зауыт бар.

Сонымен қатар, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында облыс аумағында жол битумының тапшылығына байланысты, мердігер мекемелер тарапынан 10 жерде битум сақтау орындары ұйымдастырылған. Онда жалпы 10 000 тоннаға дейін битум сақталады.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *