4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Екі алтын, бір күміс. Жерлестеріміз әлем чемпионатынан олжалы оралды

Татарстанның Мамадыш қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 12 елінен ең талантты деген тəжірибелі балуандар  қатысқан додаға Қазақстан ұлттық  құрама командасы да бақ сынап, туған елге олжалы оралды.

Әлемдік додаға Түркістан облысынан жалпы 9 спортшы қатысты. Оның 9-ы ұл балдар және 4-і қыздар. Қорытынды бойынша түркістандық саңлақтар 2  алтын, 1  күміс медалді олжалап, көк байрағымызды көкте желбіретті.

Белбеу күресінен өткен əлем чемпионатында Түркістан облысының бір топ жас балуандары өз салмақтарында қарсыласқа шақ келтірмей,  әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Атап айтқанда,  боз кілемде талантымен танылған түркістандық 85 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Кәрім мен 95 келідегі жерлесіміз Алмас Темірбай алтын медаль иеленді. Бапкерлері – Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуат Байқожаев.

Сонымен қатар,  əлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған облысымыздың  талантты  балуан қызы  Ақбота Қыдырәлі 63 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *