4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

XVI паралимпиада ойындары “Qazsport” телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады.
Пара жүзуден Сиязбек Далиев, Нұрәли Советханов, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев ел намысын қорғайды. Пара дзюдодан Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Утепов сынға түссе, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина бағын сынап көрмек. Пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмила Досмалова, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы, пара нысана атудан Айсұлу Жұмабаева жүлдеге таласып көреді. Түркістан облысынан Спатай Бибарыс жолдама алды. Ол пара каноэден ел намысын қорғайды.
Ашылу салтанатында еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстайды. Ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
XVI Паралимпиада ойындарында жалпы саны 136 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы спорттың 22 түрінен сынға түседі. Жарыстар телеарнаның https://qazsporttv.kz/ ресми сайты арқылы да көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *