Xiaomi смартфондар сатылымы бойынша алғаш рет әлемде көшбасшы атанды

Xiaomi маусым айында алғаш рет Samsung пен Apple-ді басып озып, смартфон сату бойынша әлемде көшбасшы атанды. Бұл туралы Counterpoint зерттеу компаниясы хабарлады.

Xiaomi смартфондарының сатылымы өткен аймен салыстырғанда 26% – ға өсті. Нәтижесінде компанияға келетін әлемдік сату үлесі 17,1%-ды құрады. Екінші орында 15,7% үлесі бар Оңтүстік Кореялық Samsung, үшінші орында — 14,3% үлесі бар Apple.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *