4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Сәкен Бибосынов қола жүлдегер атанды

Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Қазақ ұланы Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өрені Галал Яфаймен кездесті.

Алғашқы раундта британдық боксшы өте белсенді болған. Бірақ сергек әрі сауатты әрекет еткен Сәкен адуынды қарсыласын қарымта соққылармен күтіп алып жүрді. Әттеген-айы, бірінші раундта Сәкен ногдаун алып қалды. Дегенмен екінші және үшінші раундтарда Сәкен үнемі шабуылдап, басым болып тұрды. Соқылары да дөп тиген. Төрешілер олай ойламапты.
Нәтижесінде Яфай 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *