4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

“Керуен сарайда» сауда орнын ашуға инвесторларға жеңілдіктер көп

Түркістандағы әйгілі “Керуен сарай” кешенінде балмұздақ сататын кәсіпкер күніне 1000 долларға жуық табыс табады. Мереке күндері табысы одан да жоғары.

“Сауда өте жақсы. Демалыс күндері мың доллардың үстінде пайда табамыз. Еңбегімізді ақтауда. Балмұздақ бағасы қаладағы бағамен бірдей, қымбат емес. Келушілер көп, демалыс күндері ине шаншар орын болмайды. Облыс әкімдігі жеңілдіктер ұсынып, 4 пайызбен несие береді. Соны пайдаланатын боламыз”,- дейді жеке кәсіпкер.


Қазіргі таңда туристік кешендегі сауда орындары халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл жерде әйгілі брендтер жұмыс істеуге қызығушылық танытуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенде ашылған жаңа сауда орындарының жұмысымен танысу үшін Керуен Сарайды аралап шығып, жаңадан ашылған “Magnum” супермаркетінде болды.
Айта кетейік, “Керуен сарай” кешеніндегі сауда орталығының аумағы 23 мың шаршы метрден асады. Бұл кафе, ресторан және киім -кешек саудасына арналған. Соның 54% ашылуға дайын. Одан бөлек, тағы 20% -мен келіссөздер жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, инвесторларға сауда нүктелерін жалға алуға жеңілдік беру үшін арнайы “Түркістан” әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «Яссы бизнес» несие беру жобасы ашылған болатын. Кәсіпкерлерге 27 млн. теңгеге дейін 4 пайызбен 5 жылға дейін кредит беріледі. Яғни кәсіпкерлер несие алып, жөндеу жұмыстарына, өз қажетіне пайдалануға толық мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезде сауда орталығына қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер көп.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *