4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Сүйінші: Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының жартылай финалына шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы, Түркістан облысының өрені Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Сәкен испаниялық Габриэль Эскобармен кездесті. Алғашқы раундтан жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстаған Сәкен бүкіл техникалық шеберлігін паш етті. Ұзын қолдарымен қарсыласын күтіп алып, “сыбағасын” беріп жүрді.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Сәкеннің жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алғанын да айта кеткен жөн.

Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті 4:1 есебімен Бибосыновқа, екінші раундта Эскобарға берді. Үшінші раундта Сәкен Бибосынов жеңіске жетті.

Сәкен батыр Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Қоржынында кем дегенде қола жүлде бар. Енді соны алтынға айналдыру керек.

Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британдық Джамаль Яфаимен жекпе-жек өткізеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *