19 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +15°C
  • USD 444,16
  • EUR 487,29
  • CNY 66,63
  • RUB 5,40
Жедел
ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ АЛКОГОЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ Халықаралық ерлер күні – жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды дәріптейтін маңызды күн Халық Кеңесінің Экологиялық комиссиясының отырысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды ИИ В МЕДИЦИНЕ: КАРАГАНДИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ РАЗРАБАТЫВАЕТ ПРОТОТИПЫ АССИСТЕНТА ВРАЧА И ВИРТУАЛЬНОГО ПАЦИЕНТА МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ ДӘРІГЕР КӨМЕКШІСІ МЕН ВИРТУАЛДЫ ПАЦИЕНТТІҢ ПРОТОТИПТЕРІН ӘЗІРЛЕУДЕ Қазақстан ғылым мен бизнестің ықпалдастығын күшейтуде: жаңа технологиялар, халықаралық әріптестік және өңірлердің дамуы Қазақстан Global Innovation Index 2026 рейтингінде 8 сатыға көтеріліп, Орталық Азияда көш бастады
Басты жаңалықтар

Халықаралық ерлер күні – жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды дәріптейтін маңызды күн

Халықаралық ерлер күні – ер азаматтардың қоғамдағы рөлін, отбасы мен ел алдындағы жауапкершілігін және азаматтық ұстанымын атап өтетін маңызды күн.

Ер азаматтың қоғамдағы орны тек отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етумен шектелмейді. Нағыз азамат – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жақындарына қамқорлық көрсететін, заң мен тәртіпті құрметтейтін және қоғамның дамуына өз үлесін қосатын тұлға.

Бүгінгі таңда ер азаматтар үшін білім алу, кәсіби тұрғыда даму, жаңа технологияларды меңгеру және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу маңызды. Өйткені мемлекеттің тұрақты дамуы әр азаматтың жауапкершілігі мен еңбекқорлығына тікелей байланысты.

«Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды» деген Бауыржан Момышұлының сөзі азамат пен ел арасындағы өзара байланыстың мәнін айқын көрсетеді. Елдің қуаты – жауапкершілігі жоғары, білімі мен еңбегін қоғам игілігіне бағыттайтын азаматтардың әлеуетімен өлшенеді.

Осы орайда Халықаралық ерлер күні – ер азаматтарды құрметтеумен қатар, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін, отбасылық құндылықтарды және ел болашағына қосар үлесін дәріптеудің мәні зор.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *