19 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +9°C
  • USD 444,16
  • EUR 487,29
  • CNY 66,63
  • RUB 5,40
Жедел
Халық Кеңесінің Экологиялық комиссиясының отырысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды ИИ В МЕДИЦИНЕ: КАРАГАНДИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ РАЗРАБАТЫВАЕТ ПРОТОТИПЫ АССИСТЕНТА ВРАЧА И ВИРТУАЛЬНОГО ПАЦИЕНТА МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ ДӘРІГЕР КӨМЕКШІСІ МЕН ВИРТУАЛДЫ ПАЦИЕНТТІҢ ПРОТОТИПТЕРІН ӘЗІРЛЕУДЕ Қазақстан ғылым мен бизнестің ықпалдастығын күшейтуде: жаңа технологиялар, халықаралық әріптестік және өңірлердің дамуы Қазақстан Global Innovation Index 2026 рейтингінде 8 сатыға көтеріліп, Орталық Азияда көш бастады Региональная наука как драйвер экономического развития Строительство набирает темпы: с какими результатами Казахстан подходит к Году Всенародной большой стройки «Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты
Басты жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің кітапхана қоры түркітілдес халықтардың әдебиеттерімен толықты.

✅Бұл бастама Түркістандағы Түркітілдес халықтар кітапханасы мен әскери бөлім арасында орнаған ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асуда. Тараптар арасындағы өзара байланыс әскери қызметшілердің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, түрлі халықтардың әдеби және мәдени мұрасына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.

💫5574 әскери бөлімінде еліміздің әр өңірінен шақырылған, түрлі этнос өкілдерінен құралған сарбаздар қызмет етеді. Сондықтан кітапхана қорын олардың ана тіліндегі және өз халқының тарихы мен мәдениетін танытатын әдебиеттермен байытуға ерекше мән беріліп отыр. Қорға өзбек, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, әзербайжан, татар және басқа да түркі халықтарының тілдеріндегі кітаптар қосылуда.

📚Жаңа әдебиеттер сарбаздарға өз ұлтының тарихын тереңірек танып, рухани мұрасын зерделеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзге халықтардың әдебиетімен танысу арқылы олардың мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет қалыптастыруға жол ашады.

Айта кетейік, ұландықтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «BOOKGUARD» әдеби челленджі алғаш рет дәл осы 5574 әскери бөлімінде бастау алған. Жыл басынан бері жобаға Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысып, төрт мыңнан астам кітап оқыды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *