11 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +3°C
  • USD 447,52
  • EUR 502,21
  • CNY 67,09
  • RUB 5,41
Жедел
Инициатива Главы государства по разработке Гражданского кодекса, озвученная в рамках Послания народу Казахстана, является ответственным решением. Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс. Мобильный интернет в Казахстане оказался одним из самых выгодных среди стран с высокой скоростью связи Жауапты азамат – қуатты мемлекеттің тірегі Жүздеген техника, мыңдаған маман: Еліміздегі алып құрылыс алаңдары Еліміздегі үш ірі энергетикалық нысанның құрылысы қай кезеңде? Дешёвый и быстрый: Казахстан вошёл в число лидеров по соотношению цены и скорости мобильного интернета ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Басты жаңалықтар

Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманың құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы зор. Бұл бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық заңнама қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, қоғамдық және экономикалық өмірдегі өзгерістерді де ескеруге тиіс.

Соңғы онжылдықтарда адамдар арасындағы өзара іс-қимыл нысандары, мүлікке билік ету, шаруашылық қызметті жүргізу және мәмілелер жасау тәсілдері айтарлықтай өзгерді. Бұл ретте азаматтардың әр жолы күрделі заңгерлік түсіндірме сұрап жүгінбей-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлай алу мүмкіндігі болуы тиіс.

Мысалы, мұраны ресімдеу, жалдау шартын жасасу немесе мүлікті пайдалануға беру кезінде адам өзі қабылдаған шешімнің қандай құқықтық салдарға әкеп соғатынын және заңда қандай кепілдіктер көзделгенін түсінуі маңызды.

Сондықтан жаңа Азаматтық кодекс жай ғана жаңартылған құқықтық нормалар жиынтығы емес, күнделікті қатынастарды реттеудің түсінікті әрі жүйелі негізіне айналуы тиіс.

Заңнаманың қолжетімділігіне, құқықтық нормалардың өзара үйлесімділігіне және олардың іс жүзінде қолданылуына ерекше назар аудару қажет. Бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көптеген дауларды туындамай тұрып-ақ болдырмауға мүмкіндік береді.

Жаңа Азаматтық кодексті сапалы әзірлеу қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтуға және мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне сай келетін заманауи құқықтық ортаны қалыптастыруға қосылған маңызды үлес болатынына сенімдімін.
yerghan_yegemberdiyev

#жаңаазаматтықкодекс #құқықтықмемлекет #заңүстемдігі #эділеттіказакстан #құқықтықсауаттылық

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *