24 қазан 2026, сенбі ☀️ Түркістан +5°C
  • USD 451,05
  • EUR 504,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,60
Жедел
ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. ️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту.
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі жол сапасы мен оның бойындағы инфрақұрылымның, соның ішінде санитарлық нысандардың жағдайын бірнеше рет қатаң сынаған болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында республикамызда алғаш рет Түркістан облысында «Жол жиегі – ел келбеті» атты акция басталды.
Аталған акция облыстың барлық аудан-қалаларында, бір мезетте өткізілді. Тазалық іс-шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев арнайы қатысты. Сондай-ақ, аудан басшылары мен мекеме қызметкерлері атсалысты. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары аудандардағы автомобиль жолдарының санитарлық жағдайы, жол бойындағы аумақтардың тазалығы, абаттандыру жұмыстары және қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты.
Сонымен қатар, жауапты сала басшылары мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жол бойындағы тазалықты сақтау, анықталған кемшіліктерді жою және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, акцияға облыс бойынша 85 мыңға жуық адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл қатарда әкімдік қызметкерлері, коммуналдық мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының ұжымдары және ерікті жастары мен тұрғындар бар.
«Жол жиегі – ел келбеті» акциясының негізгі мақсаты – автомобиль жолдарының бойын таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Аталған акция Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жалғасатын болады.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 3 983,3 шақырым.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
ОБЛИК ТУРКЕСТАНА НАЧИНАЕТСЯ С КАЖДОГО ЖИТЕЛЯ
Глава государства Касым-Жомарт Токаев на первой сессии Народного Совета Казахстана неоднократно подвергал жесткой критике качество дорог в стране и состояние придорожной инфраструктуры, в том числе санитарных объектов. Во исполнение поручения Президента впервые в республике именно в Туркестанской области стартовала акция «Облик страны начинается с обочины дороги».
Акция одновременно прошла во всех районах и городах области. В мероприятии по наведению чистоты принял участие заместитель акима Туркестанской области Еркебулан Даулбаев. К работе также присоединились руководители районов и сотрудники учреждений.
В ходе рабочей поездки заместитель акима области ознакомился с санитарным состоянием автомобильных дорог, чистотой прилегающих территорий, проводимыми работами по благоустройству и мерами по охране окружающей среды.
Кроме того, руководителям профильных отраслей и представителям местных исполнительных органов были даны конкретные поручения по поддержанию чистоты вдоль дорог, устранению выявленных недостатков и системной организации уборочных работ.
Отметим, что в акции по всей области приняли участие около 85 тысяч человек и было задействовано более 500 единиц специальной техники. Среди участников — сотрудники акиматов, коммунальных предприятий, коллективы организаций образования, здравоохранения и культуры, волонтеры и местные жители.
Основная цель акции «Облик страны начинается с обочины дороги» — поддержание чистоты вдоль автомобильных дорог, обеспечение экологической чистоты окружающей среды и формирование экологической культуры среди населения. Акция будет продолжена во всех районах и городах Туркестанской области.
Общая протяженность автомобильных дорог Туркестанской области составляет 17 692 километра. Из них 678 километров — дороги республиканского значения, а протяженность дорог областного и районного значения составляет 3 983,3 километра.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *