24 қазан 2026, сенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 451,05
  • EUR 504,95
  • CNY 67,62
  • RUB 5,60
Жедел
ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ Адам капиталын дамыту – еліміздің конституциялық міндеті. ️Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту.
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді.
Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар іске асырылуда. Бүгін Республика күніне орай Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында тұңғыш заманауи Спорт зал комплексі ашылды. Ауылдастардың қуанышымен бөлісуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.
Ертай Кенжебекұлы байырқұмдық ағайынды жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады.
– Баршаңызды халқымыздың ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай айтулы мереке қарсаңында Байырқұм ауылында тағы бір маңызды нысанның есігін ашып отырмыз. Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын! Біздің басты мақсатымыз – спортты баршаға қолжетімді етіп, өңірдің спорттық әлеуетін арттыру.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *