8 қазан 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 447,14
  • EUR 500,35
  • CNY 66,69
  • RUB 5,24
Жедел
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді Жасанды интеллект құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдетеді КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарын жалғайтын «Қызылорда-Сексеуіл-Ырғыз-Бейнеу» күре жолының құрылысы «e-Otinish»-ке келіп түскен өтініштерден соң қолға алынғанын біліп пе едіңіз? 2020 жылы жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «e-Otinish жүйесі іске қосылды. 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық мәдениетті таныту 7 жылда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды
Басты жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.
Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың аумақтары және басқа да бекітілген аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – баршамызға ортақ іс. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Таза орта – сапалы өмірдің кепілі. Сондықтан тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз керек, — деді Мақсат Мырзамұратов.
Ауқымды экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, таза әрі көрікті Келесті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
#ТазаҚазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *