7 қазан 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 453,65
  • EUR 509,99
  • CNY 67,66
  • RUB 5,31
Жедел
Казахстан становится логистическим хабом Евразии Қасым-Жомарт Тоқаев: кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Өтетін орны: Отырар ауданы, Қарақоңыр а/о, «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта алқабы
2026 жылы 12 қазан күні Дүниежүзілік мақта күніне орай Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» облыстық салтатантты іс-шарасы өткізіледі.
Мерекеде заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен мақта өнімдері кәсіпорындарының көрмесі өтеді және қолөнер шеберлерінің көрмесі, спорттық ойындар ұйымдастырылады. Сала үздіктері марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылады.
Мақта шаруашылығы — Түркістан облысының аграрлық экономикасында айрықша маңызға ие, ауыл тұрғындарының табысы мен жұмыспен қамтылуына тікелей ықпал ететін негізгі салалардың бірі.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу және өнімді терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында облыста мақта өсіруден бастап оны өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтитын мақта-тоқыма кластері қалыптасып келеді.
Бүгінде Түркістанның ақ даласында мақта шаруашылығы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
2026 жылы облыста 173,6 мың гектарға мақта егілді. Оның 91 мың гектарында су үнемдеу технологиялары қолданылады. Бұл – суы тапшы өңір үшін жерді тиімді игерудің маңызды жолы (556 мың тонна өнім жинау күтілуде 32 ц/га).
Жаңа тәсілдер өз нәтижесін көрсетіп келеді. Жекелеген алқаптарда тамшылатып суару арқылы гектарына 60 центнерге дейін шитті мақта алынуда. Кезінде кетпенмен суарылған егістікте бүгін су үнемдеу жүйелері мен заманауи техника жұмыс істейді.
Ең бастысы – ақ алтынның жолы енді алқапта аяқталмайды.
Түркістан облысында мақтаны өсіруден бастап, оны өңдеп, жіп иіруге және дайын өнім шығаруға дейінгі өндірістерді біріктіретін елімізде теңдесі жоқ мақта-тоқыма кластері қалыптасып келеді.

2030 жылға дейін облыста жалпы құны 212,6 млрд теңгені құрайтын
5 кластер іске асырылады. Нәтижесінде жылына 229,5 мың тонна дайын өнім өндіріліп, 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Бүгін сіздер осы кластерлік жобалардың алғашқысы – «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің жобасы іске асырылуда.
Бүгінгі күннің өзінде Серіктестік озық технологиямен 52 мың гектарға мақта егіп, жалпы қуаты 180 мың тонна болатын 2 мақта өңдеу зауытын, тамшылатып суару таспасын шығаратын зауытты, ПВХ құбырларын шығаратын зауыт және жіп иіру фабрикасын іске қосып отыр. 1200 жұмыс орны ашылды.
Ендігі кезекте Серіктестікте, тағы 2 мақта өңдеу зауытын және жылына 5 мың тонна мақта тұқымын өндіретін зауытты, «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жылына 45 млн м² тоқыма емес материал шығаратын зауыт, 45 млн м² матаны бояйтын зауытын және жылына 7 млн жиынтыққа дейін үй тоқыма бұйымдары мен киім өндіретін тігін фабрикасын іске қосатын болады.
Жалпы аграрлық салаға шетелдік инвесторларды тартып, олардың озық технологиялары мен өндірістік тәжірибесін өңірімізге келуге. Ендігі міндет – осы тәжірибені өзіміз толық меңгеру.
Жергілікті мамандар жаңа жабдықпен жұмыс істеуді үйреніп, өндірістің әр кезеңін өз күшімен жүргізе алуы қажет. Сонда инвестицияның нәтижесін тұрақты жұмыс орындарынан ғана емес, өзімізде қалыптасқан білікті кадрлар мен бәсекеге қабілетті дайын өнімнен де көретін боламыз.
«AQ DALA -2026» іс шарасы – мақта шаруашылығының бүгінгі әлеуетін көрсетіп қана қоймай, саладағы жаңа технологиялар мен өндірістік мүмкіндіктерді таныстыруға, фермерлер мен қайта өңдеушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды кәсіби алаң болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *