7 қазан 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 453,65
  • EUR 509,99
  • CNY 67,66
  • RUB 5,31
Жедел
Казахстан становится логистическим хабом Евразии Қасым-Жомарт Тоқаев: кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН МЕКТЕПТЕР САНЫ 876-ҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру және әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар 20 805 бала есепте тұр. Оларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде консультациялар, түзету кабинеттері және арнайы мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Бұл бағытта жалпы 1 061 маман еңбек етеді.
Балаларға көрсетілетін қолжетімді қызмет түрлерін кеңейту мақсатында биыл Түлкібас, Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласында алты жаңа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылған.
Бүгінде облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер саны 876-ға жетіп, жалпы көрсеткіш 93,4 пайызды құраған. Ал мектепке дейінгі ұйымдардағы бұл көрсеткіш 64,4 пайызға тең.
Сонымен қатар инклюзивті қолдау кабинеттерінің саны 18-ге жетіп, онда 268 бала қамтылған. Үйде жеке оқитын балалар саны 3 160-тан 3 104-ке төмендеген. Бұл медициналық қарсы көрсетілімі жоқ балаларды ортақ білім беру кеңістігіне біртіндеп тарту жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар баланы мектепке қабылдаумен ғана шектелмей, оның сапалы білім алуына, құрдастарымен араласуына және жеке қабілетін дамытуына мүмкіндік жасау.
Осы ретте арнайы мамандардың көмегі, ерте түзету жұмыстары, ата-аналармен тұрақты байланыс және педагогтердің кәсіби даярлығы маңызды рөл атқарады.
Білім беру жүйесінде әр баланың ерекшелігі мен қажеттілігі ескерілуі тиіс. Өйткені тең мүмкіндік дегеніміз – барлығына бірдей жағдай ұсыну емес, әр баланың өз мүмкіндігін толық ашуына қажетті қолдау көрсету.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *