7 қазан 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 453,65
  • EUR 509,99
  • CNY 67,66
  • RUB 5,31
Жедел
Казахстан становится логистическим хабом Евразии Қасым-Жомарт Тоқаев: кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 486 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысында өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбие мен қосымша білім беру бағытындағы жұмыстар кеңейтілуде.
Бүгінде өңірде қосымша біліммен 486 643 бала қамтылған. Бұл жалпы балалар контингентінің 93,1 пайызын құрайды. Мектептерде 10 824 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар 45 қосымша білім беру ұйымындағы 1 590 үйірмеге 31 мыңнан астам бала тұрақты қатысады.
Оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында 848 мектепте оқушылар парламенті жұмыс істейді. Өзін-өзі басқару жүйесіне 83 мыңнан астам бала тартылған. Ал 849 пікірсайыс клубында 38 мыңнан астам оқушы өз ойын еркін жеткізу, дәлелдеу және пікір алмасу дағдыларын дамытып келеді.
«Айбын» қозғалысы 52 мыңнан астам баланы біріктірсе, 16 SMART-SARBAZ үйірмесі әскери-техникалық бағыттағы қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық мектеп лигасының мектепішілік кезеңіне 402 мыңнан астам оқушы қатысқан.
Тәрбие жұмысының мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – адалдықты, еңбексүйгіштікті, отансүйгіштікті, заңға құрмет пен қоғамдық жауапкершілікті жас ұрпақтың күнделікті өмір салтына айналдыру.
Жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8-11 сыныптарға «Заң және тәртіп» курстары енгізіледі. Сонымен бірге «Жеке қауіпсіздік» курсы арқылы оқушылардың түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру көзделген.
Қосымша білім беру бағытында жыл соңына дейін балаларды қамту деңгейін 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте үйірмелер санын көбейтумен қатар, олардың мазмұны мен сапасына да назар аударылады.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу тек сабақ берумен шектелмейді. Баланың қоғамдық ортаға бейімделуі, шығармашылық қабілетінің дамуы, өз пікірін ашық жеткізуі және жауапкершілікті сезінуі де маңызды. Сондықтан мектептегі білім мен тәрбие жұмысы өзара сабақтас жүргізілуі тиіс.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *