Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі қытай жазушысы Мо Янь біздің республикалық кітап оқу марафонымызға арнайы бейнеүндеу жолдады!
Жазушы өз сөзінде қазақ оқырмандарына шынайы тілегін білдіріп, «Сарымсақ жыры» романының қазақ тіліне аударылып, марафон тізіміне енгеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Қазақ әдебиеті маған өте жақын әрі қымбат. Өйткені сіздердің шығармаларыңызда суреттелетін өмірдің көп қыры өзімнің басымнан өткерген жағдайлармен үндеседі», — деп атап өтті Мо Янь.
Сондай-ақ, автор бұл марафонның ұлттық мәдениетті дамыту мен қоғамды біріктірудегі маңызына тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
✨ Кітап әлеміне саяхат жасап, білім мен даналықтың биігіне ұмтылған әрбір қатысушыға зор шабыт! Кітап әрдайым қолыңыздан түспесін!
Марафонға қосылыңыз, бірге оқиық! 📚👇
#КітапОқитынҰлт #НобельСыйлығы #СарымсақЖыры #КітапМарафоны