Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті №22 «Қызылорда–Семей» бағытындағы жолаушылар пойызында «Қауіпсіз жолаушы» профилактикалық акциясын өткізді.
Департамент қызметкерлері мен экономикалық тергеу қызметінің волонтерлары 500 жолаушыға интернет-алаяқтық пен дропперліктен сақтану жолдарын түсіндірді. Азаматтарға банк карталары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеудің маңыздылығы жеткізілді.
Акция барысында ақпараттық брошюралар мен тақырыптық стикерлер таратылып, қатысушыларға имидждік сыйлықтар табысталды. Өнерпаздар домбыра сүйемелдеуімен ән орындап, жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
#ҚМА #АФМ #ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізЖолаушы