Табиғи парктерден банк секторына дейін: партиялар сайлаушылармен жұмысты күшейтті

Сайлау күні жақындаған сайын саяси партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмыстарын күшейтіп, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және бизнес өкілдерімен кездесулерін жалғастыруда. 17 тамыздағы кездесулерде экология, өндіріс, жұмыспен қамту, баспана, несие және отандық бизнесті қолдау мәселелері көтерілді.

«Байтақ» партиясы табиғи аумақтарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экотуризм мәселелеріне назар аударды. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде өткен кездесуде қоршаған ортаны қорғау мен инспекторлардың жұмысы талқыланды.

«Ақ жол» партиясы бизнес және банк секторы өкілдерімен кездесіп, отандық өндірісті дамыту, несиелеу, ипотека және баспананың қолжетімділігі мәселелерін көтерді. Маңғыстау облысында кәсіпкерлермен кездесуде бизнесті қаржыландыру мен отандық өнімді қолдау мәселелері сөз болды.

«Ауыл» партиясы өндіріс пен логистикаға, еңбек жағдайларына және инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берді. Атырау облысында партия белсенділері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Жайық жағалауын тазартты.

«Әділет» партиясы «111+ шешім» құжатын таныстырып, отандық өндірушілерді қолдау, креативті индустриялар және жұмыспен қамту мәселелерін алға шығарды. ҚХП еңбек құқықтары, әлеуметтік саясат және тұрғын үй мәселелеріне назар аударса, Respublica азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы мен отандық өндірісті дамыту мәселелерін талқылады.

Осылайша, сайлауалды науқанның соңғы кезеңінде партиялар бағдарламаларын нақты мәселелермен байланыстырып, өңірлердегі сайлаушылармен тікелей жұмысты күшейте түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *