5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +14°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Астанада Comic Con Astana 2026 фестивалі басталды

Елордада кино, комикс, бейнеойын, аниме және косплей жанкүйерлерінің басын қосқан ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 бастау алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Биыл фестиваль бірден екі алаңда өтіп жатыр. «Барыс Аренада» негізгі сахналық бағдарлама ұйымдастырылса, «Алау» мұз сарайында көрме аймағы орналасқан. Төрт күн бойы келушілерге арнап халықаралық хедлайнерлермен кездесулер, қолтаңба сессиялары, косплей байқауы, музыкалық және би қойылымдары, интерактивті алаңдар, тақырыптық стендтер мен фестиваль жәрмеңкесі өтеді. Фестивальдің алғашқы күні келушілер Pop Asia сахнасындағы шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ әуесқой косплей байқауының ересектер мен балалар номинациялары, концерттік бағдарлама және арнайы қонақтармен кездесулер өтеді. Күннің басты оқиғаларының бірі – Comic Con Astana 2026 фестивалінің ресми ашылу рәсімі. Comic Con Astana қазіргі поп-мәдениет жанкүйерлерін ғана емес, суретшілерді, дизайнерлерді, косплейерлерді, музыканттарды, би ұжымдарын және түрлі тақырыптағы жобалардың авторларын да біріктіреді. Көптеген қатысушы үшін фестиваль өз жұмыстарын кең аудиторияға таныстырып, пікірлес жандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – дәстүрлі түрде косплей байқауы. Қатысушылар өз қолдарымен жасаған фильмдер, сериалдар, бейнеойындар, комикстер мен аниме кейіпкерлерінің образдарын ұсынады. Comic Con Astana 9 тамызға дейін жалғасады. Алдағы күндері қонақтарға арналған халықаралық жұлдыздармен кездесулер, қолтаңба сессиялары, байқау бағдарламалары, арнайы тақырыптағы алаңдар және қазіргі поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналған басқа да іс-шаралар өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *