Сәлемдесу – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен адамгершілік құндылықтарының көрінісі. Ол адамдар арасындағы өзара құрметті, ізеттілік пен әдептілікті білдіретін маңызды қарым-қатынас әдебі. Қазақ халқы амандасу дәстүріне ерекше мән берген. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет таныту, әр адаммен жылы жүздесіп, ізгі ниет білдіру – ұлттық тәрбиенің ажырамас бөлігі. Сәлемдесу арқылы адамдар бір-біріне сыйластық танытып, татулық пен ынтымақты нығайтады.
Сәлемдесу- сыйластықтың белгісі. Бірақ сыйластықтың да өз әдебі бар.