5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатынын айтты

– Былтыр Бейжіңде өткен Жасанды интеллект бойынша олимпиададан Қазақстан оқушылары үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ел мерейін асыратын бұл жетістік жастарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді. Орайлы сәтті пайдалана отырып, талантты өрендерімізге бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. Президент бұл олимпиада жасанды интеллектіні зерттеуші жастардың халықаралық қауымдастығының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. – Білім қай заманда да халықты біріктіріп, адамзатты өркениеттің шыңына жетеледі. Сіздердің қарым-қабілеттеріңіз медицина, білім, экология және басқа да өте маңызды салалардағы тың шешімдерге негіз бола алады. Дәл осы олимпиадада әлемді өзгертетін жаңа идеялар мен жобалар дүниеге келуі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, осы маңызды шараны ұйымдастыруға үлес қосқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді. t.me/aqorda_resmi

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *