5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР МАС КҮЙДЕ ЭЛЕКТРСКУТЕР БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАДЫ

Түркістан қаласында профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері электрскутерді мас күйде басқарған 35 жастағы ер азаматты анықтады. Құқық бұзушы қаладағы шағынаудандардың бірінде тоқтатылды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жиналған материалдар сотқа жолданды. Аталған құқық бұзушылық полиция қызметкерлерінің бейнетіркегішіне жазылып алынды. Қазіргі таңда Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау күшейтілген. Соңғы бір аптаның өзінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 100-ден астам электрскутер арнайы айыптұраққа қойылды. Полицейлер кез-келген көлік құралын мас күйде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі #Заңментәртіп #ЗАКОНИПОРЯДО

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *