Құрылтай сайлауына дайындық аясында оқыту семинары өтті

Құрылтай сайлауына дайындық шеңберінде Төлеби ауданында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау күнгі іс-қимыл алгоритмі, дауыс беру процесін заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу тәртібі, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ туындауы мүмкін даулы және шиеленісті жағдайларда заң аясында әрекет ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Оқытудың басты мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Құрылтай сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге ықпал ету.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *