5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауына дайындық аясында каскадтық оқыту семинары өтті

Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында Сайрам ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға дауыс беру күнгі іс-қимыл алгоритмі, дауыс беру процесін Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастыру тәртібі, сайлау құжаттарын рәсімдеу ерекшеліктері, сайлаушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау, сайлау учаскелерінде туындауы ықтимал даулы және шиеленісті жағдайларда заң талаптарына сәйкес әрекет ету тәртібі бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Оқытудың негізгі мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге ықпал ету.

Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттырып, сайлау науқанының заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *