«Таза Қазақстан» – бұл тек сенбілік немесе бір реттік экологиялық акция емес. Бұл – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалықты өмір салтына айналдыруға бағытталған жалпыұлттық бастама. Оның аясында елімізде аумақтарды абаттандыру, ағаш отырғызу, өзен-көлдерді тазалау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша мыңдаған іс-шара ұйымдастырылып келеді.
#ТазаҚазақстан