5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Басты жаңалықтар

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды. Іс-шараның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың жаһандық спорт индустриясындағы орны мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Саммитке Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары қатысып жатыр. Саммит бағдарламасы аясында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар, инновациялар және спорт индустриясының болашағына арналған панельдік сессиялар өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Phygital Sports Summit Astana 2026 тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *