БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдауы – еліміздіңэкология саласында жүргізіп отырғанжұмысына берілген маңызды халықаралықбаға. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғықыркүйекте ұсынған болатын. Қазақстанныңұсынысын әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдады. Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның негізгі бағыттары – ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту, шөлейттенудің алдын алу, климаттың өзгеру салдарыназайту және елді мекендерді көгалдандыру. 2021–2025 жылдары мемлекеттік орманқоры аумағында 1 млн гектардан астамжерде 1,6 млрд-тан астам көшетотырғызылып, тұқым себілді. 2026 жылы210 млн-нан астам көшет отырғызужоспарланған. Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын 2027 жылдың соңына дейін орындаукөзделіп отыр. Елді мекендерді көгалдандыружұмыстарыда жалғасуда. 2021–2025 жылдары жоспарланған 15 млн ағаштыңорнына шамамен 18,4 млн ағашотырғызылды. Алдағы уақытта ауданорталықтары мен ауылдық елді мекендердікөгалдандыруға, сондай-ақ қалалардыңайналасында жасыл аймақтар құруғабасымдық беріледі. Арал теңізінің құрғаған табанында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,1 млн гектардан астам аумақорман-мелиорациялық жұмыстарменқамтылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар көшет өсіругеқажетті инфрақұрылымды дамыту жәнеатқарылатын жұмыстарды ғылымисүйемелдеу қарастырылған. «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында соңғы екі жылда елімізде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, шамамен 5,5 млн ағаш отырғызылды. Экологиялық іс-шараларға жыл сайынмиллиондаған азамат пен ерікті қатысады.…