2026 жылғы 08.07. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі С.Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық офис отырысында әлеуметтік салықтық шегерімді қолданудың бірыңғай тәсілі бекітілді.

Әлеуметтік салықтық шегерім жеке табыс салығы салынатын табыс сомасын азайтады. Оның мөлшері: 5 000 АЕК – I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 882 АЕК – III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, мүгедектігі бар баланың ата-анасының (қорғаншысының, қамқоршысының) біреуіне және Салық кодексінде көзделген өзге де санаттарға. Егер азамат екі немесе одан да көп жұмыс берушіде жұмыс істесе, әлеуметтік салықтық шегерімді олардың әрқайсысында қолдана алады. Ол үшін әрбір жұмыс берушіге шегерім сомасы көрсетілген өтініш беру қажет. Бұл ретте әлеуметтік салықтық шегерімнің жылдық жалпы сомасы Салық кодексінде белгіленген шекті мөлшерден аспауға тиіс

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *