Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңірде инватакси қызметі жұмыс істеп, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың еркін қатынауына мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, оларды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, техникалық құралдарды жөндеу және әлеуметтік бейімдеу бағытындағы бастамалар да жүйелі түрде қолға алынған.

Осындай игі бастамалардың бірі – Мұрат Ізбенбетов ашқан «Инва СТО» шеберханасы. Өзі де өмірдің қиын сынағынан өткен азамат бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кресло-арбалар мен оңалту құралдарын жөндеп, оларға қажетті қолдау көрсетіп келеді.

*************

В Кызылорде продолжается работа по поддержке людей с инвалидностью

В Кызылординской области последовательно реализуются меры, направленные на создание условий для активного участия людей с инвалидностью в общественной жизни. В регионе работает служба инватакси, обеспечивается доступ к техническим средствам реабилитации, их ремонту и социальной адаптации.

Одним из ярких примеров такой работы стала мастерская «Инва СТО», открытая Муратом Избенбетовым. Сам пройдя через жизненные трудности, сегодня он занимается ремонтом инвалидных колясок и технических средств реабилитации, оказывая востребованную помощь людям с особыми потребностями.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *