Шара Құрылтай депутаттарын сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңіндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында ұйымдастырылды. Халықаралық сарапшылар өңірдегі сайлау процесін ұйымдастырудың практикалық аспектілерімен тікелей танысты.
Кездесу барысында халықаралық байқаушылар сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын жағдайларға, сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға және халықты сайлауға белсенді қатысуға шақыру шараларының қалай жүзеге асырылып жатқандығына ерекше назар аударып, нақты сұрақтарын қойды.
Өз кезегінде комиссия төрағасы барлық қойылған сұрақтар бойынша заңнамалық талаптардың орындалуы туралы толық мәлімет беріп, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін камтамасыз етуде сындарлы диалогқа әрдайым дайын екендігін жеткізді.
Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының халықаралық байқаушылары Massoni Marco және Alexandra Ursula Karin-нің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.