Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Бәйдібекте арнайы рейд өтті

Түркістан облысы Полиция Департаментінен келген нұсқаудың талаптарын орындау мақсатында Бәйдібек ауданының Алғабас, Ағыбет ауыл округіне Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Утебаева Айгүл және ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Нурбол Тасимов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Бегеров, Отбасын қолдау орталығының заңгер маманы Жасұзақ Сағынбай, аудандық аурухананың психолог маманы Тоғжан Аяшева, аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының заңгері Құрмет Құрманғалиұлы 10- өгей әке, аналармен бірге тұратын балалары бар отбасылармен және жайсыз отбасылардың мекен жайларына барып, құқықтық , психологиялық , заңгерлік көмектер көрсетіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жүргізіліп жатқан іс шаралар жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құқық бұзушылықтың жолын кесуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *