Созақ ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында 2026 жылдың 6 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев төрағалық етіп, бөлімнің есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне баға берді.
Кеңесті Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов ашып, жедел-қызметтік жұмыстар туралы баяндама жасады. Полиция полковнигі Нұрлан Жақыпұлы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды дер кезінде ашу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша аудан көлемінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 2,3 %-ға азайған. Сонымен қатар аса ауыр қылмыстар мүлде тіркелмеген, ал ауыр және онша ауыр емес қылмыстардың ашылу көрсеткіші 100 %-ды құрады. Бұдан бөлек 6 айда аудан аумағында адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық және ауыр санаттағы қылмыстарға жол берілмегені ерекше атап өтілді.
Өз сөзінде Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Саттарұлы есепті кезеңдегі оң көрсеткіштерге тоқталып, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Ол азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Жиын соңында қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Созақ полициясы: 2026 жылдың алғашқы 6 айындағы жұмыс қорытындыланды