КЕНТАУДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ПЛОГГИНГ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
_________________
Кентау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастамаларға қала тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді түрде атсалысуда.
Осы бағыттағы кезекті іс-шара ретінде қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалар арасында «Плоггинг» экологиялық акциясы өткізілді.
Плоггинг – жүгіруді қоршаған ортаны тазартумен ұштастыратын экологиялық қозғалыс. Шара барысында балалар жарыса жүріп аулалардағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Экологиялық акция соңында белсенділік танытқан балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, балмұздақтар үлестірілді.
Таза әрі көрікті қала қалыптастыру – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Осы бағыттағы экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
КЕНТАУДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ПЛОГГИНГ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ