​«ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Кентау қалалық Полиция бөлімі мен Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастары мен жасөспірімдері арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім жастарды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында, кафелерде, саябақтарда және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүру фактілерінің алдын алу.
Рейд барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *