Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен маңызды дөңгелек үстел өтті.
📋 Шараның тақырыбы – Отбасы құндылықтары: отбасы институтын нығайту, тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу.
Жиынның басты мақсаты — қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу жолдарын талқылап, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
📍 Алқалы жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім және мәдениет саласының мамандары, зиялы қауым, аналар алқасы мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.
Пленарлық мәжіліс пен дөңгелек үстел барысында келесі өзекті тақырыптар төңірегінде баяндамалар жасалып, сындарлы пікір алмасу орын алды.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан отбасы институтын нығайту, тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында нақты ұсыныстар әзірленіп, бірлескен іс-қимыл жоспарлары айқындалды.
ТҮРКІСТАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ