Жеке құрамның кәсіби даярлығы мен қызмет сапасы жедел кеңестің басты тақырыбы
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбековтің төрағалығымен өткен маңызды жиында қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру, білімі мен біліктілігін жетілдіру, халыққа сапалы қызмет көрсету және азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту бағытындағы нақты тапсырмалар берілді.
Осы тапсырмаларды іске асыру мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті. Жиынға облысқа қарасты 17 қала және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылығы бейнебайланыс арқылы қатысты.
Кеңес барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қызметтік тәртіпті күшейту, жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдіру, туристік полицияны шетелдік азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге бағыттау, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың өтініштері мен уәждеріне заң аясында жедел ден қою мәселелері қаралды.
Сондай-ақ қала және аудандық полиция құрылымдарының қызметіне талдау жасалып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді.
Жиын қорытындысында Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев ІІМ басшылығының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындауды, әрбір қызметкердің кәсіби деңгейін тұрақты жетілдіруді, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жоғары жауапкершілік танытуды және полиция қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі