5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

​Түркістан облысында есірткіге қарсы акцияға 5 мың тұрғын қатысты

Түркістан қаласында жаңа экопарктің ашылуы аясында Түркістан облысы полиция департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күніне орай “Түркістан – есірткіге жол жоқ!” атты ауқымды акция өткізді. Іс-шара есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл айлығының қорытынды кезеңі болып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және қоғамда есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
Акцияға Түркістан облысы полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер, сондай-ақ өңірдің бес мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты.
Іс-шара барысында акцияға қатысушылар жастар мен облыс тұрғындарын есірткіден бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және нашақорлық мәселесіне бейжай қарамауға шақырды. Сондай-ақ акция барысында есірткінің алдын алу тақырыбындағы ақпараттық жадынамалармен бірге 300-ден астам футболка мен кепка таратты.
Айта кетейік полицейлер жастардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытында профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *