«Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Жұмағалиұлымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жобаның жүзеге асырылу жолдары талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды зияткерлік жобаның маңызына тоқталып, оның қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *